26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Мерекеге орай облыс орталығында «Спорт – есірткіге қарсы» атты жаппай жүгірісі өтті.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі айналымына қатысты 150 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 40 килограммды құрайды, оның ішінде 4 килограмм синтетикалық есірткі.
СНХР: РУСЛАН ҮМБЕТОВ - СҚО ПД ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қаланың орталық алаңында студенттер, мектеп оқушылары, спортшылар және қоғамға бей-жай қарамайтын тұрғындар жиналды. 200-ден астам адам 2 шақырымды жүгіріп өтті.
СНХР: ДИНАРА ОРЫНБАЙ – ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Жарыс соңында әр қатысушыға естелік медаль табысталды. Сонымен қатар, сертификаттар мен жүлделер де тарту етілді.