Қазақстан халқы Ассамблеясында қоғамға маңызды тақырыптарға арналған интерактивті кездесу өтті. Оған өңірдің қоғам белсенділері, ардагерлер, қала жастары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Кездесуде тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланып, құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындармен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайту тетіктері талқыланды. Қатысушылар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
СНХР: СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Кездесу барысында киберқылмыс мәселесіне ерекше назар аударылды. Статистикаға сүйенсек, әлеуметтік желілерде белсенді жастармен қатар, егде жастағылар да интернет-алаяқтардың құрбанына жиі айналады. Мәселен, жыл басынан бері облыста 300-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген.
СНХР: МИЛАНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен интерактивті кездесу — бір реттік іс-шара емес. Мұндай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.