«Тайынша май» ЖШС аумағында төтенше жағдай орын алды. Сұйытылған газ тасымалдап келе жатқан автокөлік өртке оранды . Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дереу жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды сөндіруге барлығы 80 маман мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Апат салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Олардың сегізі ауруханаға жеткізіліп, түрлі дәрежедегі күйікпен ем қабылдап жатыр. Зардап шеккендердің қатарында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де бар.
СНХ: ӘДІЛ СПАЕН, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ