Тәуелсіздік шежіресін таспада сақтаған киномеханик
Уәлиханов ауданының тұрғыны, киномеханик Жәнібек Қапезов өңірдің әр түкпірін аралап, тұрғындарға кеңестік киностудияларда түсіріліп, дыбысталған көркем фильмдер мен мультфильмдерді көрсетіп жүр. Ерекшелігі – туындыларды көне кинопроектор арқылы тамашалауға болады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жәнібек Қапезов ауылдастарына тарихи кинокөрсетілім ұйымдастырды. Цифрлық технологиялар дамыған заманда ескі кинопленкаларды тамашалаудың жөні бөлек. Бұл – кино тарихына үңіліп, өткен дәуірдің ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды сәт.
ТИТР: ЖӘНІБЕК ҚАПЕЗОВ – КИНОМЕХАНИК, АҚБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихи сәттер таспаланған кинопленкаларды сақтап қалған киномеханикті ел шежіресін түгендеуші тұлға деп бағалауға болады
Оның жеке мұрағатында жаңа мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі маңызды оқиғалар таспаланған. Бұл кадрлар – тәуелсіз Қазақстанның ұлттық болмысы, егемендігі мен тарихи жадын айшықтайтын құнды мұра.