Петропавл 2-ЖЭС-те экологиялық жаңғырту жұмыстары жоспарланған
Петропавлдың атмосфералық ауасына түсетін жүктеменің басым бөлігі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға тиесілі. Солардың бірі – «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы. Кәсіпорынның үлесіне облыстағы стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттардың 70 пайыздан астамы тиесілі. Биылғы 10 айда станциядан 21,6 мың тонна ластаушы зат бөлінген. Ал алдағы жылдары шығарындыларды азайту үшін қандай жұмыстар қолға алынбақ? Келесі сюжеттен білейік.
Петропавл 2-ЖЭС-те жылу мен электр энергиясын өндіру көмір мен мазутты жағу арқылы жүзеге асырылады. Өндірістің негізгі экологиялық мәселесі де осы технологиялық процеспен байланысты. Түтін газдары арқылы атмосфераға ластаушы заттар бөлінеді. 2026 жылы кәсіпорынға 37,7 мың тонна шығарындыларға рұқсат берілген. Алайда жыл қорытындысында нақты көлем 27 мың тонна шамасында болады деп күтілуде. Бұл белгіленген нормадан 28,3 пайызға төмен.
СНХ: НИКОЛАЙ МАКСИМОВ – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өткен жылы жылу электр орталығына ең озық қолжетімді техникаларды енгізу жөніндегі жол картасы әзірленген болатын. Құжат түтін газдарын тазарту қондырғыларын жаңғыртуды көздейді. Белое көлін балықтандыру шаралары қарастырылған, іске асыру мерзімі 2038 жылға дейін. Осының нәтижесінде, атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жылдық көлемін қазіргі деңгейден 4,5–4,7 мың тоннаға төмендету күтілуде.
СНХ: АСХАТ МАПЕНОВ – СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Экологиялық бақылаумен қатар, өндірістік жабдықтарды жаңғырту да маңызды. Қазір станцияда №2 қазандық агрегатының газ тазарту қондырғысын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жылына 136,7 тонна шаң шығарындыларын азайту көзделіп отыр.
СНХ: НИКОЛАЙ МАКСИМОВ – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Келесі жылы кәсіпорынның санитариялық-қорғаныш аймағына 100, қала аумағына 150 ағаш көшетін отырғызылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ күл қалдықтарын азайту қарастырылған. Осылайша, ауаның сапасын жақсарту көзделіп отыр.