Ұлттық спортты ұлықтаған жаттығу
Қажымұқан атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған 30-ға жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында желтоқсанда Астана қаласында өтетін «Жас барыс» республикалық турнирінде өңір намысын қорғайтын палуандар да бар. Жиын барысында жаттықтырушылар жас спортшыларға күрес әдіс-тәсілдерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданында қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды. Қажымұқан атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 10-нан астам палуаны жеңімпаз атанған. Жүлдегерлерге бүгін жаңа кимонолар мен спорттық құрал-жабдықтар табысталды. Үздік атанғандар желтоқсан айында елордада өтетін республикалық турнирге жолдама алған.
СНХ:АСЫЛХАН БОЛАТОВ – СҚО БОЙЫНША ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
10-сынып оқушысы Аслан Какишев қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында 2-орынға ие болған. Аталған спорт түрімен 8 жыл бойы айналысып келеді. Бұл бағытты таңдауына әкесі септігін тигізгенін айтады. Болашақта ел біріншілігінде чемпион болуды мақсат етіп отыр. Дегеніне жету үшін тынбай еңбектенуде.
СНХ: АСЛАН КАКИШЕВ, ПАЛУАН
Бүгінгі кездесуде жаттықтырушылар палуандарға тәжірибелерімен бөлісіп, күрестің түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Осыған дейін жіберілген қателермен жұмыс жасалды. Аталған мектепте 4 спорт түрі бойынша 509 бала жаттығады.