Негізгі Жаңалықтар СҚО-да тұтынушыларға 23 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

СҚО-да тұтынушыларға 23 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Сөре мен кассадағы баға сәйкес келмейді. Сатып алған техника істен шықты. Ал дүкен жұмсалған қаражатты қайтарудан бас тартып отыр. Мұндай жағдай орын алса, тұтынушылар не істеу керек, құқықтарын қалай қорғай алады? Аталған мәселелерге өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинте сала өкілі жауап берді. 

Қолданыстағы Заңға сәйкес, сатушы тауарды сөреде белгіленген бағамен сатуға міндетті. Егер, артық ақша алынса, оны қайтаруы тиіс. Бұдан бөлек, тауардың өлшемі сәйкес келмесе немесе сапасы көңіл көншітпесе, белгілі бір талаптарды сақтай отырып, 14 күн ішінде айырбастауға рұқсат.Техникадан ақау табылған жағдайда тұтынушы оны тегін жөндеуді, ауыстыруды немесе ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы. Бастысы, сатып алғанын растайтын дәлелдерін сақтау маңызды.Егер сатушы талапты орындаудан бас тартса, оған жазбаша шағым жолдау қажет. Кәсіпкер 10 күнтізбелік күн ішінде жауап беруге міндетті. Нәтиже болмаса, тұтынушы e-Otinish арқылы департаментке жүгіне алады. 

СНХ: ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ – СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2026 жылдың он айында Солтүстік Қазақстан облысында сауда саласындағы бұзушылықтар үшін 135 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 126-сы шекті сауда үстемақысын асырған. 

Бөлісу