Полиция қызметі: Талап пен таңдау
Мамандық таңдау – болашаққа жасалған маңызды қадам. Ал полиция қызметкері болу үшін біліммен қатар батылдық, тәртіп пен жауапкершілік те қажет. Петропавлда мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Оған 500-ден астам 11-сынып оқушысы қатысып, Ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарына түсу тәртібімен танысты. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жұмысын көріп, арнайы техникалар мен жабдықтарды тамашалады.
Полиция қызметі – үлкен жауапкершілік жүктейтін мамандық. Оның басты міндеті – заңдылықты сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оқушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің қыр-сырын түсіндіріп, ведомстволық оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
қазақша 039 0:27-1:07
АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Оқушылардың ерекше қызығушылығын тәжірибелік бөлім тудырды. Оларға полиция қызметінде қолданылатын арнайы техника, құрал-жабдықтар мен қару-жарақ таныстырылды. Криминалист мамандар сараптамаға арналған чемоданның ішіндегі құралдарды көрсетіп, қылмыс орнынан айғақтарды қалай жинап, зерттейтіндерін түсіндірді. Ал есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері өз жұмысында қолданатын арнайы құралдармен таныстырды.
СОФЬЯ СОЛОВЬЕВА, ОҚУШЫ
Мұндай кездесулер жастарға болашақ мамандығын таңдауға ғана емес, заңды сақтаудың, жеке жауапкершілік пен қоғамға қызмет етудің маңызын түсінуге де көмектеседі. Бәлкім, бүгінгі кездесуге қатысқан оқушылардың бірі үшін бұл құқық қорғау саласындағы болашақ мансабына бастар алғашқы қадам болар.