Негізгі Жаңалықтар Заңға құрмет – әр азаматтың міндеті

Заңға құрмет – әр азаматтың міндеті

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығы мен ел дамуының басты негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында осы қағидаттың маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну және адал еңбек ету – әрбір азаматтың басты ұстанымы болуы тиіс.

Мемлекет басшысы қоғамда заңға деген құрмет пен жоғары жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажеттігін жеткізді. Оның сөзінше, елдің өркендеуі тек қабылданған заңдар мен жүргізілген реформаларға ғана емес, азаматтардың санасы мен күнделікті іс-әрекетіне де байланысты. Осы ретте «Адал азамат» идеологиясы қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы керек. Президент отаншылдықтың басты белгісі – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну және ел игілігі үшін табанды еңбек ету екенін атап өтті. «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстану арқылы ғана Әділетті әрі өркениетті мемлекет құруға болады.

АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу