Негізгі Жаңалықтар Университет пен полиция ынтымақтастығы: қауіпсіз студенттер қалашығы мен білікті кадр даярлау

Университет пен полиция ынтымақтастығы: қауіпсіз студенттер қалашығы мен білікті кадр даярлау

Солтүстік Қазақстанда жоғары оқу орны мен құқық қорғау органдарының өзара ықпалдастығы нығая түсті. Манаш Қозыбаев атындағы университет пен облыстық Полиция департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында студенттер қалашығында арнайы полиция пункті ашылып, жастар тәжірибелі мамандардан тікелей дәріс алмақ. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Енді болашақ заңгерлер полиция қызметкерлерінен тікелей тәжірибелік білім алып, кәсіби машықтарын шыңдай алады. Бұл бастамалар СҚО Полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров пен университет ректоры Ербол Исақаев қол қойған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге аспақ.

ЛЮФТ: РУСЛАН НАЗАРОВ – СҚО ПД БАСТЫҒЫ

Келісімнің маңызды тармақтарының бірі – студенттер қалашығында полиция пунктін ашу болып табылады. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен 22 елден келген 8 мыңға жуық студент білім алатын жоғары оқу орны үшін аса өзекті. Осылайша студенттердің үйлерінен жырақта өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бар.

ЛЮФТ: АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА – KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА МҮШЕСІ – АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

Меморандум аясында студенттерді кәсіби даярлау ісіне тәжірибелі полиция қызметкерлерін тарту көзделген. Өз кезегінде, университет тәртіп сақшыларына магистратура бағдарламалары бойынша білім алуға, сондай-ақ жоғары технологиялар бағытын қоса алғанда, біліктілікті арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл серіктестік заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған бірлескен цифрлық жобаларды іске асыруға жол ашады

ЛЮФТ: Руслан Назаров – СҚО ПД бастығы

Бұл әріптестік екі маңызды міндетті ұштастырады. Олар — құқық қорғау жүйесіне білікті кадрлар даярлау және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. Мұндай қадам «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруға қосылған нақты үлес болмақ.



Бөлісу