Негізгі Жаңалықтар СҚО-да 15 мәслихатқа 193 депутат сайланады

СҚО-да 15 мәслихатқа 193 депутат сайланады

Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда. Өңірде барлығы 15 мәслихат жұмыс істейді. Оларға облыстық, қалалық және 13 аудандық мәслихат кіреді. Депутаттық мандатқа 560 кандидат үмітті. 

Облыс бойынша мәслихат депутаттарының жалпы саны – 193. Оның 30-ы облыстық, 18-і қалалық, ал 145-і аудандық мәслихаттарға тиесілі. Барлығы 178 бірмандаттық сайлау округі құрылған. Осы округтер бойынша 560 кандидат ұсынылды. Олардың 352-сі өзін-өзі ұсынса, 208-і алты саяси партия атынан тіркелген. Сонымен қатар облыстық мәслихатқа бес саяси партия 52 адамнан тұратын партиялық тізімдерін ұсынды. Ал 8 қарашада барлық сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімі тапсырылды. Оған 364 мыңнан астам азамат енгізілген.

қазақша 516

САҒЫНДЫҚ РАХЫМЖАН, СҚО АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Мәслихат депутаттарын сайлауды өткізуге барлығы 731 комиссия жұмылдырылады, оның ішінде 15 – аумақтық, 173 – округтік және 543 – учаскелік сайлау комиссиясы. Комиссиялардың құрамында 4061 мүше бар (АСК – 105, ОСК – 865, УСК – 3091).

Бөлісу