Еңбек адамын қорғауға бағытталған 25 бастама
Еңбек адамының құқығын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту. Қазақстан кәсіподақтары осы мақсатта 25 жалпыұлттық бастама әзірледі. Ұсыныстар 19 қараша күні Павлодарда өткен «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» республикалық кәсіподақтар форумының пленарлық отырысында Қазақстан Халық Кеңесіне табысталды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.
Әділ табыс және әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік қорғау, жұмыс істейтін отбасының әл-ауқаты, технологиялық өзгерістер жағдайында адами әлеуетті дамыту және жұмыскердің қоғамдық өмірге қатысуы. Ұсыныстар осындай 5 негізгі бағытқа топтастырылды. Басты мақсат – еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелерді шешіп, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту.
СНХ: EРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Цифрландыру мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы еңбек нарығына да өзгеріс әкелуде. Кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, жұмыс орындары қысқаруы мүмкін екені жасырын емес. Осыған байланысты кәсіподақтар қызметкерлерді жаңа дағдыларға үйретіп, қайта даярлау және басқа жұмысқа орналастыруға көмектесу мәселесін көтеріп отыр.
СНХ: EРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Кәсіподақтардың жұмысы бастамаларды ұсынумен ғана шектелмейді. Облыста еңбеккерлерге құқықтық көмек көрсету бағытында да жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Кәсіподақ орталығы жанындағы «Заң клиникасы» еңбек заңнамасына қатысты мәселелер бойынша тегін кеңес береді.
СНХ: ЛЮДМИЛА ГОЛЕНКОВА, СҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЗАҢ КЛИНИКАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биыл еңбек ұжымдарының құқықтық сауатын арттыру мақсатында 25 оқыту іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 1074 адам қатысқан.