Негізгі Жаңалықтар Жолдау-2026: спорт инфрақұрылымын дамыту - басым бағыттардың бірі

Жолдау-2026: спорт инфрақұрылымын дамыту - басым бағыттардың бірі

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында спорт саласын дамытуға, бұқаралық спортты қолдауға және өңірлердегі инфрақұрылымды жетілдіруге ерекше назар аударылды. Әсіресе балалар мен жастардың спортпен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленді. Бұл бағыттағы бастамалар ел тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жол ашпақ.

Әсіресе ауылдық жерлерде балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына мүмкіндік жасауға басымдық берілмек. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорт залдарын ашу да көзделген. Мұның барлығы бұқаралық спортты дамытуға және салауатты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.

ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, ЖОҒАРҒЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ БОКСТАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ  

Бөлісу