Негізгі Жаңалықтар Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді

Еліміздегі денсаулық сақтау саласы жүйелі дамуды қажет етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өтті. Басты бағыттардың бірі – медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Бұған Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Рузаевка елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаториясы мысал. Медициналық мекеме округке қарасты 4 ауылдың 7 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Олардың басты міндеті ауыл халықының денсаулығын сақтау, ауру түрлерін дер кезінде анықтау, емдеу және алдын алу болып табылады.

Амбулаторияда өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білікті медицина мамандарынан құралған 64 адам еңбек етеді. Олар күн сайын әрбір науқасқа жіті көңіл бөледі, қамқорлық танытып, дертіне дауа іздегендерге сырқатынан айығуларына қол ұшын береді.

СНХ: ВИТАЛИЙ ЧИЧКАНЬ – РУЗАЕВ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ АҒА ДӘРІГЕРІ

Елді мекендегі дәрігерлік амбулаторияда стационар мен емхана бөлімдер бар. Бұл тұрғындарға амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда науқастар дәрігерлердің кеңесін алып, қажетті тексерулерден өтіп, ем қабылдай алады. Сонымен қатар профилактикалық тексерулер де жүргізіледі. Ал зертханада тек қанның өзінен ақ 18 түрлі сынамаға талдау жасалады.

СНХ: ЕЛЕНА КЛЮТ – КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНА МАМАНЫ

 Білікті мамандармен қамтамасыз етілген шалғай ауылдағы заманауи медициналық қосын, қазіргі күні тұрғындардың қажетті медициналық көмекті уақытылы алуларына барынша жағдай жасауда.

Бөлісу