Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті түлектерге жаңа мүмкіндік

Мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті түлектерге жаңа мүмкіндік

Университет бітірген жас мамандар үшін алғашқы жұмысқа орналасуда, әсіресе еңбек өтілін талап ететін мемлекеттік қызметке тұру оңайға соқпайтын. Енді елімізде жоғары оқу орындарының түлектеріне конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік бар. Бұған дейін бұл құқық тек мемлекеттік грантта оқығандарға берілсе, енді ақылы бөлім түлектері де осы мүмкіндікті пайдалана алады. Бұл тетік қалай жүзеге асады? Оны кімдер пайдалана алады? Тілші бейнематериалына зер салсақ.

Диплом қолда, енді мамандық бойынша жұмысқа орналасу керек. Алайда еңбек жолын енді бастағалы тұрған жастарға бұл оңай емес. Себебі көп жағдайда жұмыс беруші еңбек өтілін талап етеді. Ал алғашқы тәжірибені қайдан жинауға болады?. Елімізде оның да шешілу жолдары қарастырылған. Сондай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі 21 жастағы Назерке Серғазиева. Қарағанды техникалық университетін сандық аэро-фототүсірілім мамандығы бойынша осы жылы тәмамдаған ол, мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу бағдарламасы арқылы қазір Аққайың ауданының жер қатынастары бөлімінде бас маман болып еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтап жүр.

СНХ: Назерке Серғазиева – Аққайың аудандыдық жер қатынастары бөлімінің бас маманы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға сәйкес, GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес жоғары оқу орны түлектері аудандық және ауылдық жерлерге конкурссыз-ақ жұмысқа тағайындала алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек мемлекеттік грант негізінде білім алғандарға берілсе, осы жылдың 1 шілдесінен бастап ақылы бөлім түлектеріне де қолжетімді болды.

СНХ: Назерке Серғазиева – Аққайың аудандыдық жер қатынастары бөлімінің бас маманы

Конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасу үшін жас маманның университет бітіргеніне бір жылдан аспауы керек. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат eQyzmet порталында жарияланады. Түлектер өзіне лайықты жұмысты сол жерден таңдап, өтінім жолдағаннан кейін кандидатурасы конкурстық іріктеусіз тағайындау тәртібі бойынша қаралады. Бұл – жастарға мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын бастап, кәсіби тәжірибе жинауға берілген мүмкіндік.



Бөлісу