Негізгі Жаңалықтар Мақсат сүт өндірісі кластерін құру

Мақсат сүт өндірісі кластерін құру

Өңірімізде жыл санап, тауарлы сүт фермаларының саны артып келеді. Солардың бірі Айыртау ауданына қарасты Антоновка елді-мекенінде орналасқан «БорисФен» серіктестігі. Олардың өз кәсіптерін бастағандарына 4 жылдың жүзі болған. Содан бері сүтті облыс орталығындағы өңдеу кәсіпорныдарына өткізіп келген шаруашылық өздерінде кластер құруды мақсат етіп, өз іштерінен «Шайыр Агро груп» серіктестін құрып ферма жанынан сүт өңдеу кешінін салған. Жаңа нысанның өз жұмысын бастағандарына екі айдан енді асса да өнімдері бүгінде сұранысқа ие.

Шағын сүт өңдеу нысанын іске қосуға қажетті қаржыға жас кәсіпорын Ғылым қорының грантын жеңіп алу арқылы қол жеткізген.

 СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры 

Шағын цехтың жұмысы осы жылдың қыркүейек айында басталған. Қуаттылық әзірге күніне 1 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік береді. 

СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры

Жаңа нысанның іске қослуына шамамен жұмсалған қаржы 460 миллион теңге. Оның 350 миллионы грант ақшасы болса, қалған 110 миллионын Борисфен серіктестігі қаржыландырған. Себебі бұл кластер құру мақсатындағы екі серіктестіктің бірлескен жобасы. 

СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры 

Бүгінде «Борис фен» серіктестігінде 250 бас сайын сиыр бар. Алдағы уақытта олар тағы 110 бас голштин сиырларымен толықпақ. Осыған байланысты қазір шаруашылық жалпы саны 410 басқа шақталған жаңа тауарлы сүт ферманының құрылысын толығымен тәмамдап, ішкі мал қамау орындарының жұмысын аяқтап жатыр. 

СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры

Сауын сиырлар неқұрлым дәруменге бай жем-азықпен қамтылса,сол құрлым сүт беру көрсеткіші де жақсы болады. Осы орайда өз істерін енді бастаған «Шайыр Агро груп» серіктестігі құнарлығы жоғары көп жылдық шөп егуді қолға алған.  

СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры

Жас серіктестіктің көп жылдық шөп егуге арналған жер телімі 130 гектарды құрайды. Ол суармалы алқап.

СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры 

130 гектар алқапта көп жылдық шөптің үш түрі араластырылып себілген. Биылғы шығымдылығы да жақсы болған. Суармалы алқапқа егілетін шөп те, оны суаруға қажетті қондырғылар да грант қаржысы есебінен сатылып алыныпты.

СНХ: Орынбай Атығаев – серіктестік директоры

Өңірімізде сүт өндірісі кластерін құруды көздеген бірлескен серіктестік өнімдерінің жоғары сұранысқа ие болуы сізбен бізге яғни тұтынушыларға байланысты. 

Бөлісу