Негізгі Жаңалықтар 10 қараша - Ішкі істер органдары ардагерлері күні

10 қараша - Ішкі істер органдары ардагерлері күні

Солтүстік Қазақстан облысында полиция ардагерлері 10 қараша – Ішкі істер органдары ардагерлері күнін алғаш рет ауқымды спорттық мерекемен атап өтуде. Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.  

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары ардагерлері күні қарсаңында Петропавлда «ARLAN» спорт клубының қолдауымен СҚО ПД Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері облыстық полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің қолдауымен спартакиада ұйымдастырды. Жарысқа департамент пен аудандық полиция бөлімдерінің ардагерлері қатысты.

Волейбол жарысы «Береке» шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Ашылу салтанатында СҚО ПД бастығы Руслан Назаров жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы мен патриоттық тәрбиесінде ардагерлер қозғалысымен өзара байланыстың маңызын атап өтті.

 РУСЛАН НАЗАРОВ – СҚО ПД БАСТЫҒЫ

СҚО ПД және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов бұл күннің маңыздылығына тоқталды. «Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні әрдайым жүрегімізден ерекше орын алады», – деді ол. Отставкадағы полицейлерге қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері де ізгі тілектерін білдірді.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Облыс орталығының бірнеше спорт алаңында үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақтан жарыстар өтті. Спартакиаданың басты оқиғасы волейбол турнирі болды. Бұл сайыста облыстық полиция департаментінің ардагерлері үздік атанды. Екінші орынды Есіл және Шал ақын аудандарының біріккен құрамасы иеленді. Ал үшінші орын Жамбыл, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарының біріккен командасына бұйырды. Зейнеттегі полицейлердің спортқа белсенді қатысуы жас қызметкерлерге өмірге деген белсенді көзқарастың жарқын үлгісі болып отыр.         



Бөлісу