Негізгі Жаңалықтар Ұстаздықты өмірлік мұратына айналдырған жан

Ұстаздықты өмірлік мұратына айналдырған жан

Ұстаз – қай заманда да құрметке лайық тұлға. Ғабит Мүсірепов ауданында ағарту ісінің үздігі Зинаида Чернышева тұрады. Ол саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап, талай баланың өмірден өз жолын табуына көмектесті. Оларға білім беріп қана қоймай, мейірімділікке, адалдыққа және айналасына құрметпен қарауға баулыды. Бүгінде Зинаида Ивановна немен айналысады? Тілшіміз біліп қайтты.

Зинаида Ивановна Чернышева – еңбекқорлықтың, мейірімділіктің және өз ісіне адалдықтың үлгісі. Ол бар ғұмырын ұстаздықтың ұлы жолына арнап, жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені сіңірді.

ЗИНАИДА ЧЕРНЫШЕВА – РУЗАЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгінде Зинаида Ивановна 87 жаста. Ғұмырын еңбекке, отбасына деген қамқорлыққа арнаған жан үш бала тәрбиелеп өсірген. Қазір бес немересі мен сегіз шөбересінің қызығын көріп отыр. Зейнет жасында да қол қусырып отырған жоқ. Бос уақытында тоқыма тоқумен айналысады. Өз қолымен түрлі бұйымдар жасап, сүйікті ісінен жан тыныштығын табады.

ЗИНАИДА ЧЕРНЫШЕВА – РУЗАЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Зинаида Ивановнаның өмір жолы – даналық пен табандылықтың, жанашырлық пен мейірімділіктің көрінісі. Оның ғұмыры сүйікті ісіңе адал болудың, отбасыңды бағалап, қай жаста да адамгершілік қасиеттерді сақтаудың маңызын көрсетеді.

Бөлісу