Алаяқтық пен тәуелділіктен қорғану: Колледж студенттері интеллектуалды турнирде бақ сынады
Интернет алаяқтарының арбауына түспеу және түрлі зиянды тәуелділіктен аулақ болу үшін не істеу керек? Петропавлда осы өзекті сауалдарға жауап іздеген колледж студенттері интеллектуалды турнирде бақ сынады. «Тәуелділікке жол жоқ: зияткерлігіңді іске қос!» деп аталған сайыста жастар киберқылмыс, құқық бұзушылықтың алдын алу және денсаулықты сақтау бағыттары бойынша білімдерін пысықтады.
Жастарға арналған танымдық әрі тәжірибелік турнир Ескендір Дәуітов атындағы Қызмет көрсету саласы колледжінде өтті. Оған бірінші курс студенттерінен құралған үш команда қатысты. Іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
СНХР: ДАМИР ӘБДИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Сайыс ойын форматында өтті. Қатысушылар киберқылмыс, ойынға тәуелділік, нашақорлықтың алдын алу және денсаулықты сақтау тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Ал олардың білімін бағалауға киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық полиция департаменті мен ЖИТС орталығының мамандары қатысты.
СНХР: КАМИЛА ҚОЖАХМЕТОВА – Е. ДӘУІТОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталып, қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Дегенмен бұл сайыста жеңілгендер болған жоқ. Себебі әр қатысушы өзімен бірге жаңа білім мен пайдалы ақпарат алып қайтты.