Негізгі Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Петропавл жастары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуда

«Таза Қазақстан»: Петропавл жастары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуда

Таза көшелер, көрікті саябақтар мен табиғатқа жанашырлықпен қарау. Мұның барлығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, тұрғындардың да белсенділігіне байланысты. Петропавлда еріктілер экологиялық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын қала тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының орны ерекше. Оның мақсаты – елді мекендерді абаттандыру, аумақтарды тазарту, көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға тарту.

АЙСЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Бөлісу