Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллект мектебінде ашық есік күні өтті

Жасанды интеллект мектебінде ашық есік күні өтті

Петропавлдағы «Tomorrow School» жасанды интеллект мектебінде ашық есік күні өтті. Жоғары технологиялар әлемімен танысып, цифрлық сауаттылығын сынап көруге аға буын өкілдері, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары арнайы шақырылды. Іс-шараның қалай өткенін тілшіміздің бейнематериалынан көрейік.

Бүгінде жасанды интеллект медицинадан бастап бизнеске дейінгі барлық салаға еніп, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ал нейрожелілердің жұмыс істеу принциптерімен танысып, жасанды интеллект саласында білім алудың мүмкіндіктерін білу үшін петропавлдықтар Tomorrow School мектебіне жиналды. Ашық есік күніне жастармен қатар аға буын өкілдері де қатысты.

СНХР: МАКСИМ ПАНАРИН – TOMORROW SCHOOL МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Іс-шара барысында қонақтарға IT саласында білім алудың мүмкіндіктері таныстырылып қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын арқау еткен зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ойынға әсіресе аға буын өкілдері ерекше қызығушылық танытып, белсенділік танытты.

СНХР: ЕКАТЕРИНА ШАНДЫБИНА – ҚАТЫСУШЫ

Ашық есік күні цифрлық технологиялардың түрлі буын өкілдерін ортақ мақсатқа біріктіретінін көрсетті. Ал зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды құқық қорғау органдарының командасы иеленді. Екінші орын Tomorrow School студенттеріне бұйырса, үшінші орын күміс волонтерлер командасына берілді.


Бөлісу