Негізгі Жаңалықтар Полиция департаменті музейінің құрылғанына - 37 жыл

Полиция департаменті музейінің құрылғанына - 37 жыл

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті ведомстволық музейінің құрылғанына 37 жыл толуына орай ерекше акция ұйымдастырды. Мерейтой аясында уақыт капсуласы салынды. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің музейі 9 қарашада, Ішкі істер органдары ардагерлері күнінің қарсаңында, өзінің 37 жылдық мерейтойын атап өтті. Осылайша, екі айтулы дата бір іс-шара аясында аталып өтті. Алдымен департамент басшылығы, жеке құрам мен ведомство ардагерлері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін қатысушылар музей меңгерушісі Меруерт Самаратованы мерейтойымен құттықтады. Бүгінде музей қорында бес мыңнан астам бірегей экспонат сақталған.

Руслан Назаров – СҚО ПД бастығы


Бөлісу