Қысқы жол қауіпсіздігі талқыланды
СҚО полицейлері қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесін талқылады. Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.
Өткен қысқы маусымда өңір жолдарында 109 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 10 адам қаза тапса, тағы 153 жолаушы түрлі дене жарақатарын алды. Осындай қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында биылғы қыс қарсаңында тәртіп сақшылары мүдделі мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың өкілдерімен бас қосты. Жиында жолдарды қысқы уақытта күтіп ұстау жайы пысықталды.
Марат Жұмалиев – СҚО ПД бастығының орынбасары:
Облыстағы автомобиль жолдары мен көше желісінің жалпы ұзындығы 16 мың шақырымға жуықтайды. Жыл басынан бері полицейлер жол инфрақұрылымына 2 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 1627 нұсқама берген.
Жиын барысында арнайы техниканың саны мен әзірлігі, көктайғаққа қарсы инертті материалдар қоры және жылыту бекеттерінің дайындығы қаралды. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығы жайында тұрғындарды дер кезінде хабардар ету жайы да сөз болды.
Алтынбек Жамалиев – СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Тәртіп сақшылары боран соғып, ауа райы бұзылған сәтте қозғалысты шектеу мен жолдарды жабу кезінде барлық қызметтің үйлесімді әрекет етуі маңызды екенін ескертті. Жедел ақпарат алмасу мен халықты уақтылы ескерту – басты талап.
Алтынбек Жамалиев – СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы
Атқарылып жатқан шараның түпкі мақсаты – жолдағы қайғылы оқиғаларға тосқауыл қоя отырып «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.