Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнир басталды
Петропавлда ішкі істер органдарының ардагері, өңірдегі күрес спортының дамуына сүбелі үлес қосқан Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен республикалық турнир басталды. Жарысқа 200-ге жуық балуан қатысуға ниет еткен. Тартысты бәсекенің алдында салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ардагерлер мен жанкүйерлер жас балуандарға сәттілік тіледі
Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған бұл бәсеке өткен жылы алғаш рет өтіп, мықтылардың басын қосқан болатын. Биыл доданың мәртебесі артып, ашық республикалық әрі халықаралық деңгейге көтерілді. Жарыста еліміздің өңірлерімен қатар, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген спортшылар да бақ сынайды. Бозкілемде 200-ге жуық жас балуан 32-ден 85 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.
СНХ: ЖАНАРБЕК ҚАБДОЛОВ – ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН СҚО-НЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Үздіксіз дайындық пен қажырлы еңбек – кез келген жеңістің кілті. Балуандар бұл додаға тыңғылықты дайындалып, әрбір белдесуде барын салуда. Өзге мемлекеттен келген командалар үшін бұл тәжірибе алмасудың таптырмас алаңы.
СНХ: КОНСТАНТИН ГОРОХОВ – ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ, РФ, ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ
Жас спортшылардың ширақ қимылы мен қайсар жігері олардың жеңіске деген құштарлығын айқын көрсетеді. Себебі күрес өнері күш-қайратты ғана емес, шапшаңдық пен ептілікті де талап етеді. Ресейдің Омбы қаласынан келген жас балуан Ғайдар Төлеев тартысты белдесуде сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
СНХ: ҒАЙДАР ТӨЛЕЕВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ , РФ, ОМБЫ ҚАЛАСЫ
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл бастаманы одан әрі дамытып, турнир аясын жасөспірімдерден бастап жастар мен ересектер санатына дейін кеңейтуді көздеп отыр. Елімізде спорт саласына көрсетіліп жатқан осындай жүйелі қолдаудың арқасында бүгінде өңірімізде 200 мыңнан астам тұрғын дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Олардың игілігіне 2000-нан астам спорт нысаны қызмет көрсетеді