Негізгі Жаңалықтар Өрт қауіпсіздігі бақылауда

Өрт қауіпсіздігі бақылауда

Петропавл қаласындағы жатақханалар мен хостелдер құтқарушылардың назарында. Қалада адам көп шоғырланған орындардың қауіпсіздігін тексеру мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Тексеруге әкімдік, полиция және прокуратура өкілдері де қатысуда. Мамандар электр сымдарының жай-күйіне, эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуына және өртке қарсы жүйелердің жарамдылығына ерекше назар аударуда. Жылыту маусымының басталуына байланысты өрт шығу қаупі артатындықтан, қауіпсіздік шараларына бақылау күшейтілген.

Тексеру жұмыстары алдымен Уәлиханов көшесіндегі 28-үйде орналасқан жатақханадан басталды. Мамандар ғимараттың ортақ пайдаланылатын орындарын аралап, инженерлік желілердің жай-күйі мен эвакуациялық жолдарды тексерді. Рейд барысында өрт қауіпсіздігіне қатысты бірқатар мәселелер анықталды. Жатақхана тұрғындарының айтуынша, бұған дейін ғимараттан шығатын есіктердің бірі кейін көпқабатты үй салынған аумаққа қарай ашылған. Қазір бұл шығу жолдары жабық. Бұдан бөлек, ғимаратта өрт сөндіру гидранттары да қарастырылмаған. Оған қоса өрт кезінде шығатын қосалқы есіктің қолжетімсіздігі де алаңдаушылық туғызады.

СНХР: АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бөлісу