Жаңа конституция – мемлекеттік қызметтің жаңа бағыт-бағдары
Қолданысқа енгізілген Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жаңа белеске шығаруға жол ашты. Ата Заңда айқындалған басымдықтар мемлекеттік органдардың жұмысында ғана емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінде де көрініс табуы тиіс. Осы тұрғыда алдағы міндет – конституциядағы басым бағыттарды күнделікті жұмыс барысында жүзеге асыру. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет саласын реттейтін бірқатар заңнамалық нормаларға да өзгерістер енгізу көзделіп отыр.
Алдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – кадр саясатын жетілдіру және мемлекеттік аппарат өкілдеріне қойылатын талаптарды күшейту. Бұл ретте мамандардың кәсіби даярлығы, қызметтік тәртіпті сақтау және халықпен қарым-қатынас мәдениеті басты назарда болады. Сонымен қатар қабылданған шешімдер үшін жеке жауапкершілікті арттыру мәселесі де маңызды. Осы талаптардың жүйелі орындалуы, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтары сөзссіз.
Снхр: Аскар Баймұқанов - ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары