Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмыс қорытындысы мен алдағы жоспарлары

Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмыс қорытындысы мен алдағы жоспарлары

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде биылғы жылдың 10 айындағы жұмыстар қорытындыланды. Алқалы жиында қызметтің негізгі нәтижелері, қол жеткізілген көрсеткіштер мен алдағы жұмыстың басым бағыттары қаралды. Департамент қызметі бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің тұрақты түсуін қамтамасыз етуде, сондай-ақ өңірдің экономикалық дамуын қолдауда маңызды рөл атқарады. Мекеме жұмысы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз етуге және бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

 Департаменттің басты міндеті – бюджетке тұрақты түсімдерді қамтамасыз ету, адал бизнеске жағдай жасау және азаматтардың салық жүйесіне деген сенімін арттыру. 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 212 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 43,8 млрд теңгеге немесе 26%-ға артты.

СНХР: АМАНЖОЛ ЖАҚАНОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Алдағы міндеттер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттарға негізделген. Мемлекет басшысы салық саясатын жетілдіріп, заңнамадағы қайшылықтарды жоюды және бизнеске түсетін артық әкімшілік жүктемені азайтуды тапсырған болатын.

СНХР: АМАНЖОЛ ЖАҚАНОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

 Жиын соңында департамент қызметкерлеріне жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіштерді сапалы орындау және халықпен, кәсіпкерлермен жұмыс істеудің сервистік моделін одан әрі жақсарту бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Бөлісу