«Кәсіпкер әйел» бағдарламасы
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа кезеңі. Солтүстік Қазақстан облысында «Кәсіпкер әйел» бағдарламасы жалғасуда. Жоба аясында қатысушыларға бизнесті жүргізу құралдары тегін үйретіледі. Бағдарламаны өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің тапсырмасына сәйкес облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Оқыту офлайн форматта өтеді және алты бағытты қамтиды. Атап айтқанда, қаржы және салық, цифрлық маркетинг, SMM, нейрондық желілерді қолдану, боттарды өз бетінше жасау және бизнесті жүргізудің өзге де заманауи құралдары үйретіледі. Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері әр бағытқа бес күн, яғни 40 академиялық сағат бөлінгенін айтады.
аударма
МАРАТ ЫСҚАҚОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қатысушыларға құнды тәжірибе мен білімді алты сарапшы-спикер үйретеді. Олар сабақ барысында заманауи әдістерді қолданады. Дәстүрлі дәрістердің орнына интерактивті сабақтарға басымдық берілген. Сонымен қатар қатысушылар теориялық білімді бірден тәжірибеде қолданып, оқытушылардың жетекшілігімен өз бизнесінде жүзеге асырады.
аударма
ДИНАРА ТЮЛЕГЕНОВА, «КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СПИКЕРІ
Жобаға қатысушылардың арасында жасы әртүрлі әйелдер бар. Мұнда тәжірибелі кәсіпкерлер де, енді ғана өз ісін бастауды жоспарлап жүргендер де білім алуда. Солардың бірі – Алматыдан арнайы келген Гүлнар Әлмұхамедова. Ол жинақтаушы сақтандыру саласында 23 жылдан бері кәсіп жүргізіп келеді. Қазір кәсіпкер өңірде өз компаниясының өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл оқу курсы кәсібін дамытып, жетілдіргісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік.
аударма
ГҮЛНАР ӘЛМҰХАМЕДОВА, КӘСІПКЕР
Бұл бастаманы алдағы уақытта да жалғастырып, жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.