Негізгі Жаңалықтар Қамқоршылар күні

Қамқоршылар күні

«Ана үйі» қоғамдық қоры бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттігіне 10 жыл.Мерейтой қарсаңында және 29 қазан - Қамқоршылар күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу ұйым өкілдерін, білім басқармалары мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарын бір арнаға тоғыстырды. Келесі сюжетке назар аударайық.    

 «Ана үйі» қоғамдық қорының негізгі бағыттарының бірі – бала асырап алу мәдениетін дамыту. Ұлттық агенттік мамандары болашақ қабылдаушы ата-аналарды арнайы даярлықтан өткізіп, бала отбасына келгеннен кейін бір жарым жыл бойы сүйемелдейді. Психологиялық бейімделу, құжаттарды рәсімдеу және оңалту мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Ал ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға материалдық қолдау беріледі. Дегенмен, қабылдаушы ата-ана атану бәрінің бірдей қолынан келе бермейді. Бұл үшін міндетті түрде арнайы дайындықтан өту қажет.  

ҚОРЛАН ЖАЙСЕНБАЕВА – «АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Жамбыл ауданындағы Исаковтар отбасында сегіз бала бар. Олардың төртеуін, яғни екі қыз бен екі ұлды, ерлі-зайыптылар балалар үйінен бауырына басқан. Бүгінде Сапархан Исаковтың шаңырағында сүйіспеншілік пен татулық салтанат құрған. Алайда бұл күнге жету оңай болмады. Қабылдаушы ата-ана талай қиындықты еңсерген. Өйткені баланы асырап алу – үлкен жауапкершілік. Исаковтар бұл шешімді саналы түрде қабылдап, ешқашан өкінген емес.

СНХ: САПАРХАН ИСАКОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Іс-шара соңында отбасыларға тұрмыстық техника алуға арналған сертификаттар табысталып, алғыс хаттар берілді. Айта кетейік, Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің өңірлік өкілдігі 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 201 отбасы қорғаншы, патронаттық тәрбиеші және бала асырап алушы атанды. Қазіргі таңда облыс интернаттарында 300-ден астам бала тәрбиеленуде.

Бөлісу