Негізгі Жаңалықтар Облыстық әкімдік отырысы

Облыстық әкімдік отырысы

Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Алқалы жиында алдымен өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экомикалық даму көрсеткіштері жіпке тізілді. Қуанышқа орай, барлық салада дерлік өсім байқалады. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов айтты.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Әр саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталсақ. Биыл облыста 697 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. 392 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. 173 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өнеркәсіп саласындағы іскер жандар 718 млрд теңге пайда көріпті. Тек құрылыс саласында ғана төмен көрсеткіш тіркелген. 

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Облыс әкімі жиын барысында мал шаруашылығында жеткен жетістіктерімізді ерекше атап өтті. Биыл аймаққа 7 мың бастан астам асыл тұқымды сиыр әкелінген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 11 мың басқа жеткізу жоспарланып отыр. 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Сонымен қатар, биыл аймақта 63 мың тонна ет, 512 млн дана жұмыртқа өндірілген. Аталған көрсеткіштер бойынша облысымыз ел бойынша алғашқы бестікке кіреді.

Бөлісу