Негізгі Жаңалықтар Инновациялық білім форумы

Инновациялық білім форумы

Бүгінгі мектеп сабағы тек оқулық пен қара тақтамен шектелмейді. Жасанды интеллект, зерттеу жобалары мен озық білім беру технологиялары ұстаздар қауымына тың мүмкіндіктер сыйлап отыр. Петропавлда өткен «STEM. AI. INNOVATION» жас педагогтердің өңірлік басқосуында жиналғандар осы жаңашылдықтарды тәжірибеде қалай қолдану керектігін жан-жақты талқылады.

Тәжірибе алмасу алаңы ретінде Назарбаев Зияткерлік мектебі таңдалды. Бағдарлама барысында сарапшылар сөз сөйлеп, заманауи оқыту тәсілдері талқыланды. Ұстаздар жаңа әдістемелерді үйреніп, топпен жұмыс істеді және сабақта қолданатын тиімді шешімдерді бірлесіп іздеді.

аударма

ВИКТОР СОСИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

ЖАНИЯ ОСПАНОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Шабыт беретін мотивациялық бөлімде спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзгерістен қорықпай, кәсіби тұрғыдан өсу жайлы ой қозғады. Жиынның басты түйіні – табыс ізденуден және өз күшіңе сенуден басталады.

РОМАН ГИРИЧЕВ, «ЛОРД» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЛИЦЕЙІНІҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

 Форум қатысушыларға тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және болашақ сабақтарға тың идеялар табуға мүмкіндік берді. Басқосу ұстаздардың әдістемелік қорын байытып, сапалы білім беруді заманауи деңгейде дамытуға тың серпін береді.

Бөлісу