Негізгі Жаңалықтар Кофе стақанындағы қауіпсіздік ережелері жайлы ескерту

Кофе стақанындағы қауіпсіздік ережелері жайлы ескерту

Петропавлда жол қауіпсіздігін насихаттаудың тың тәсілі қолға алынды. Енді кофе стақандарына QR-кодтар орналастырылып, оны сканерлегендер жарнаманың орнына жолда жүру ережелері туралы қысқаша бейнеролик көре алады. Бастаманы полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Таңғы кофе жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қалай үлес қосып жүр? Тілші бейнематериалына зер салсақ.    

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында осындай мазмұндағы бес мың кофе стақаны дайындалды. Олардың сыртына коммерциялық жарнаманың орнына жол қозғалысы қауіпсіздігін еске салатын жазу мен профилактикалық бейнероликке сілтеме жасайтын QR-код орналастырылған. Жоба кең аудиторияға арналған. Яғни жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілер мен жастарды да қамтиды. Бір айтары, тың бастамаға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Стақандарды әзірлеу шығынын жергілікті кәсіпкерлер өз мойнына алыпты.

СНХР: АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ - СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

 Стақандағы QR-кодты сканерлеу үшін смартфон камерасын бағыттау жеткілікті. Код әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған бейнероликке жол ашады. Онда көлік тізгініндегі мұқияттылық пен жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі еске салынады. Осылайша, күнделікті сатып алынатын кофе, қауіпсіздік туралы тағы бір мәрте ойлануға мүмкіндік береді. 

СНХР: АЛДИЯР КӨШЕРБАЕВ - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биылғы жылдың тоғыз айында өңірде 430 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 50 пайызға аз. Жол апаттарынан қаза тапқандар саны да 47-ден 30 адамға дейін қысқарған. Полиция өкілдері,- мұндай нәтижеге қол жеткізуге жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар мен қоғаммен бірлескен іс-қимыл ықпал етті,-дейді.



Бөлісу