Негізгі Жаңалықтар Тәжірибе алмасу: өңірлік арналардың шығармашылық байланысы

Тәжірибе алмасу: өңірлік арналардың шығармашылық байланысы

Телеарналар арасындағы тәжірибе алмасу — кәсіби шеберлікті шыңдап, жаңа идеялармен бөлісудің тиімді жолы. Осы мақсатта Көкше телеарнасының өкілдері Қызылжар телеарнасына арнайы келді. Әріптестер өзара тәжірибе алмасып, телевизия саласындағы жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында «Көкше» телеарнасының шығармашылық ұжымы Қызылжарлық әріптестерінің жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысты. Техникалық мүмкіндіктерді бағамдады. Редакторлар сюжет әзірлеу, түсірілім ұйымдастыру, эфирлік бағдарламаларды жүргізу бағыттарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

СНХР: АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Журналист үшін бірнеше тілді меңгеру — кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтіп, ақпаратты әртүрлі аудиторияға жеткізуге жол ашатын артықшылық. Көкше телеарнасының журналисі Евгений Варанков қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Бір қызығы, Евгений он бір жыл бойы орыс мектебінде білім алған. Алайда қазақ тілін үйренуге деген ынтасы жоғары болды. Жазғы демалыс кезінде қазақша кітаптар оқып, тілдік қорын молайтты. Бүгінде ол Көкше телеарнасында екі бағдарламаны жүргізеді. Бірі — ағылшын тілін үйренуге бағытталған «Ұңай English» бағдарламасы болса, екіншісі — «Спорт алаңы». 

СНХР: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ:

Журналистикамен қатар, телеарна жұмысында графикалық дизайнның да маңызы зор. Әріптестер тәжірибе алмасу барысында графикалық дизайнердің жұмысымен де танысты. Бұл бағытта визуалды контент әзірлеу, экрандық безендіру және эфирге қажетті графикалық материалдарды дайындау үдерісі көрсетілді.

СНХР: ДИАС ҚҰРМАНҒАЛИ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙНЕРІ:

Мұндай тәжірибе алмасудың берері мол. Әріптестер бір-бірінен үйреніп, білгенімен бөлісті. Өйткені тәжірибе бөліскен сайын артады. 

Бөлісу