Негізгі Жаңалықтар «Саған кітап арнадым» акциясы басталды

«Саған кітап арнадым» акциясы басталды

Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында елімізде ерекше акция бастау алды. «Саған кітап арнадым» акциясына қатысу үшін жаңа немесе өзіңізде жақсы сақталған кітапты таңдап, алғашқы бетіне жылы лебізіңізді жазу керек. Мұндағы мақсат– тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ кітап сыйлау мәдениетін қалыптастырып, рухани құндылықтарды дәріптеу. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қыркүйек айында елімізде бастау алған «Кітап оқитын ұлт» марафоны қарқынды жалғасуда. Талап бойынша әрбір қатысушы15 кітап оқып, арнайы жүйеде өз пікірін қалдыруы тиіс. Оқыған кітабы бойынша бейнематериал түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегендерге қосымша 50 ұпай беріледі. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бұл бәсекеде ел бойынша 2-ші орында тұр.

СНХ: ҚАЙЫРЖАН МАЛИКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Республика күніне орай марафон аясында «Саған кітап арнадым» акциясы басталды. Ел тұрғындары өзі қалаған адамына жаңа кітап немесе үйдегі кітапханасынан кітап сыйлауы қажет. Кітаптың ішіне жүрекжарды ізгі тілекті жазып қалдыру міндетті.

СНХ: ҚАЙЫРЖАН МАЛИКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада еліміздің танымал жазушыларының туындылары көрме ретінде қойылды. Оқырмандар келіп, бұл туындылармен жақынырақ таныса алады. Кітапхана мамандарының айтуынша бүгінде тұрғындар тарапынан кітапқа деген қызығушылық пен сұраныс өте жоғары.





Бөлісу