Негізгі Жаңалықтар 25 қазан – Қазақстан Республикасы күні

25 қазан – Қазақстан Республикасы күні

25 қазанда еліміз маңызды мемлекеттік мереке – Республика күнін атап өтеді. Осыдан 36 жыл бұрын дәл осы күні еліміздің тәуелсіздікке бастар жолына негіз болған маңызды құжат қабылданды. Бұл – Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Тарихи құжаттың түпнұсқасы бүгінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде сақтаулы. Біздің түсірілім тобы да архивке барып, құнды құжатпен танысып қайтты.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Ол кезде бұл құжат еліміздің толық тәуелсіздігін бірден жариялаған жоқ. Алайда 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет атануына жол ашты. 

МЕРЕКЕ БАЙМҰҚАНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Декларацияда жер мен табиғи байлықтар, аумақтың тұтастығы, тіл мен мәдениет, экономика және мемлекеттік рәміздерге қатысты маңызды мәселелер қамтылды. Бұл құжат республиканың өз алдына дербес мемлекет болуына негіз. 

МЕРЕКЕ БАЙМҰҚАНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

 Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақстанның тәуелсіздік жолына жасаған маңызды қадамдарының бірі. Бұл құжат елдің өз тағдырын өзі шешуіне жол ашты. Оның негізгі қағидалары бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік дамуында да маңызын жоғалтқан жоқ.

Бөлісу