Қайырлы Ғафуровтың шығармашылық кеші
Қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауындағы әрбір туынды – жүректен шығып, көрерменді тәнті ететін нағыз өнер мерекесі. Ақан сері атындағы облыстық филармонияда мәдениет қайраткері, Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Қайырлы Ғафуровтың шығармашылық кеші өтті. Концертке жиналған қауым өнер майталманының репертуарындағы рухты әуендерді тыңдап, ерекше көңіл- күйге бөленді.
Өмірін тұтастай өнер мен мәдениетке арнаған Қайырлы Ғафуров – музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар дарынды тұлға. Осы уақытқа дейін еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген концерттің жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған тәжірибелі дирижер алыс-жақын шет елдерде де – Үндістан, Қытай, Түркия және Ресей сахналарында қазақ өнерін асқақтатты. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, кейін Солтүстік өңірге қоныс аударған өнер иесі бүгінде Қызылжар жұртшылығын өзінің сырлы сазымен қуантып келеді.
СНХ: ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ – «СЕГІЗ СЕРІ» АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл күні облыстық филармонияның залы көрерменге лық толды. Өнерсүйер қауым жаңа туындыларды тыңдап қана қоймай, оркестрдің шығармашылық әлемімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Айта кеттейік, дирижер өз ғұмырының белестеріне көз жүгіртіп, ел алдында есеп беру мақсатында кешті «Белес» деп атаған. Жерлесіміздің қуанышын бөлісіп, қолдауға келген құрметті қонақтардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев те болды.
СНХ: РАМАЗАН СТАМҒАЗИЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:
Қайырлы Ғафуровтың шығармашылық кеші қазақ халқының бай музыкалық мұрасымен қайта қауышуға және ғұмырын өнерге арнаған тұлғаға көрсетілген шынайы құрметке ұласты. Сахна төрінде шырқалған әрбір әуеннің артында өнер майталманының қажырлы еңбегі, өз ісіне деген адалдығы мен ұлттық мәдениетке деген шексіз сүйіспеншілігі жатыр.