Негізгі Жаңалықтар Жас полицейлер ант қабылдады

Жас полицейлер ант қабылдады

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті гарнизонының жеке құрамы қысқы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқау өтті.

Саптық байқауда әртүрлі бөлімшелерден келген 30 жас полицей ант қабылдады. Олар әріптестерінің алдында салтанатты жағдайда халық пен мемлекетке адал қызмет етуге ант берді.

СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Руслан Назаров жеке құрамның қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін және жарғы ережелерін білу деңгейін тексерді.

Руслан Назаров, СҚО ПД бастығы: 

СҚО ПД арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырған саптық байқау жеке құрамның оркестр сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтуімен аяқталды. Іс-шарадан кейін қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындауға кірісті. 


Бөлісу