Негізгі Жаңалықтар Петропавлда каратеден турнир өтті

Петропавлда каратеден турнир өтті

Облыс орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен каратэден турнир өтті. Татамиге шыққан жас спортшылар өз мүмкіндіктерін көрсетіп, спортта барлығына тең мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Шараның басты мақсаты — балаларды спортқа баулу және олардың өзіне деген сенімін арттыру.

Іс-шараны Кёкусин Будо каратэ федерациясы, IKF Karate ұйымы және «Просвет» жобасы бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа 5 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, соның ішінде «Қаған Академиясы» спорт клубы мен «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубының тәрбиеленушілері қатысты.

МЕРУЕРТ ЖҰМАҒАЛИ, ҚАТЫСУШЫ:

Турнир жас каратэшілерге жаттығу барысында шыңдаған шеберліктерін көрсетіп, алған дағдыларын нақты жекпе-жекте қолдануға мүмкіндік берді. Татамиде қатысушылар тек әдіс-тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар сабырлылық, тәртіп пен қарсыласқа деген құрметті де көрсетті.

АҚЖАН НАКЕНОВ, «QAGAN ACADEMY» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт балалардың қабілетін шыңдап, ортаға бейімделуіне және жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Бұл турнир жас каратэшілер үшін өз шеберліктерін көрсететін маңызды алаң болса, ұйымдастырушылар үшін бейімделген спортты дамыту жолындағы тағы бір қадам болды. 

Бөлісу