Негізгі Жаңалықтар 20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлері күні

20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлері күні

Петропавлда Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлерінің күні мен Халықаралық аспаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қоғамдық тамақтандыру салаларында еңбек ететін мамандар марапатталды. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараның қалай өткенін тілші материалынан көрейік.

20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Былтыр бұл күн Қазақстанның атаулы күндер күнтізбесіне ресми түрде енгізілді. Биыл Петропавлда мереке алғаш рет ресми түрде аталып өтті. Салтанатты жиын Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде ұйымдастырылып, сала мамандарының еңбегін дәріптеуге арналды.

СНХР: САЙРАН ХАМЗА, «СҚО МЕЙРАМХАНАЛАР МЕН ҚОНАҚҮЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ: 

Салтанатты жиында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде қоғамдық тамақтандыру саласы мамандарының қоғам өміріндегі маңызын атап өтті. 

ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Бірқатар маманға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Қауымдастықтың марапаттары табысталды. Құрметке бөленгендердің қатарында 13 жылдық тәжірибесі бар бас аспаз Михаил Толстых та бар. 

СНХР: МИХАИЛ ТОЛСТЫХ, БАС АСПАЗ: 

Айта кетейік, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде қоғамдық тамақтандыру саласына қажетті мамандар даярланады. Қазір мұнда шамамен 1200 студент білім алып жатыр. Ал мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. 

Бөлісу