Өңірде орман шаруашылығында 24 әйел еңбек етеді
Табиғат байлығын сақтап, оны молайтуда орманшылардың еңбегі орасан. Өңірде бұл салада қыз-келіншектер де табысты еңбек етіп келеді. Бүгінде облыстың орман шаруашылығы мекемелерінде жиырмадан астам әйел еңбек етсе, соның екеуі Мамлют орман шаруашылығында жұмыс істеп жатыр.
Орман шаруашылығында еңбек ету үшін табиғатты сүю аздық етеді. Жауапкершілік, табандылық қажет. Айдын Қожантаева - Мамлют орман шаруашылығы мекемесінде басшының орынбасары болып еңбек етеді. Оның міндеті – ұжым жұмысын үйлестіріп, жүйелі жүргізілуін қадағалау.
СНХ: Айдын Қожантаева, «Мамлют орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары:
Әріптесі Полина Косоурова орман шаруашылығында инженер болып еңбек етеді. Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің түлегі. Білікті маман ағаш тұқымдарын дайындаудан бастап, көшет өсіру мен есептілікке дейінгі жұмыстарды ұйымдастырады.
СНХ: Полина Косоурова, «Мамлют орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің инженері:
Тәлімбақта қайың, қарағаш, қарағай, шырша, үйеңкі, шетен мен еменнің көшеттері өсіріледі. Тұқым себуге арнайы техника қолданылмайды. Жұмыс толық қолмен атқарылады. Күзде егілген бұл тұқым бір жылдан кейін биіктігі 10 см асатын көшетке айналады. Соңғы жылдары орман шаруашылығы қызметкерлеріне деген көзқарас өзгеріп, еңбек жағдайы жақсарып келеді. 2024 жылдан бастап жалақы 100 пайызға өсті.
СНХ: Дмитрий Реммих, «Мамлют орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы:
Мамлют орман шаруашылығының жалпы аумағы 40 мың гектардан асады. Осындай ауқымды аумақты қорғау мен күтіп-баптауда әр қызметкердің еңбегі маңызды. Ал табиғатқа жанашырлық танытып, жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер орман шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосып келеді.