Негізгі Жаңалықтар Республика күні қарсаңында әскери қызметшілер марапатталды

Республика күні қарсаңында әскери қызметшілер марапатталды

25 қазан – Республика күні қарсаңында Петропавлда 6637 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілер мен ел қорғанысына үлес қосып жүрген ардагерлердің еңбегі еленді. Сондай-ақ, үздік сарбаздарға марапаттар табысталды. Толық ақпарат келесі сюжетте. 

 Салтанатты жиын Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өтті. Мерекелік іс-шара барысында әскери борышын абыроймен атқарып жүрген қызметшілердің және ардагерлердің ерен еңбегі атап өтілді. Соынмен қоса, жалпы саны 50-ден астам әскери қызметші марапатқа ие болды.

СНХР: ДАНИЯР ТҰРСЫНОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

 Марапатталғандардың қатарында Азамат Тілектес те бар. Ол Шымкент қаласынан келіп, 6637 әскери бөлімінде борышын өтеп жатыр. Салтанатты жиында сарбазға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Алғыс хаты табысталды.

 СНХР: АЗАМАТ ТІЛЕКТЕС, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртістері патриоттық әндер орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.


Бөлісу