Негізгі Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төрінде

Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төрінде

Астана төрінде республикалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі. Бұл жолы оған Павлодар, Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысуда. Екі күнге жоспарланған сауда алаңында өңіріміздің 13 ауданы мен Петропавл қаласынан келген 110-нан астам шаруашылық пен қайта өңдеу кәсіпоры Елорда тұрғындарына ет, сүт өнімдері, көкөніс, ұн, бал және басқа да азық-түлік түрлерін ұсынды. Саудаға шығарылған өнім бағасының қай түрі болсын нарықтағыдан 10–15 пайызға төмен. Дәсүрлі жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат- бір жағынан отандық тауарлар өндірушілерді қолдау болса, екінші жағынан халыққа сапалы әрі қолжетімді азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беру.

Таң атқалы Астанадағы «Қазан ат» иппадромы аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ағылған халықтың қарасы қалың. Бұл жолы елордалықтарға өз өнімдерін Павлодар, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынды. Теріскейлік агроқұрылымдар саудаға шығарған өнім түрлерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысып, жауапты тұлғаларға баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді міндеттеді. 

СНХ: ДӘУРЕН ТОҚУЖИНОВ –СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

 Сөрелерде теріскейлік шаруалар өсірген мал еті, жергілікті кәсіпорындар өндірген сүт өнімдері, ұн, макарон, көкөніс пен басқа да азық-түлік молынан қойылған. Оның үстіне біздің өңірдің азық түлік өнімдері астаналықтарға жақсы таныс болғандықтан, сауда қызу жүруде. Әсіресе ет сөресі маңында адам көп.

СНХ: ҮМІТ ШӘРІПОВА – САТУШЫ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ:

Жәрмеңкедегі баға сынық, қол жетімді. Себебі мұндағы сауда еш делдалсыз. Яғни тұтынушы тауар өндірушіден тікелей таңдаған өнімді қалта көтерерлік құнға сатып алып жатыр. 

 Бұл жолғы жәрмеңкеде Ақжар ауданына тиесілі ет сөресін толығымен етпен қамтамасыз етуді «Эрсалды» шаруа қожалығы өз мойындарына алған.Олар саудаға қазақы ақ бас сиыр мен жабы жылқысы және қой етін шығарыпты. Оның бәрі отбасылық шаруашылықта өз қолдарымен өсіріліп бордақыланған. 

СНХ: ӘСКЕР ҚАБДРАХМАНОВ - «ЭРСАЛДЫ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ, АҚЖАР АУДАНЫ: 

Екі күнге шақталған жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген азық-түліктің жалпы көлемі мың тоннадан асады. Оның ішінде 110 тонна ет, 585 тонна картоп пен көкөніс, 44,5 тонна сүт өнімі, 22 тонна шұжық, 221 тонна ұн және макарон өнімдері бар. Сонымен қатар тұтынушыларға 120 мың дана жұмыртқа, 10,5 тонна бал, бес тонна балық және өзге де азық-түлік ұсынылды.

СНХ: РҮСТЕМ ДҮЙСЕНБЕКОВ - ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

СНХ: АЛТЫНБЕК МАҒЫМОВ - АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 Елордадағы екі күндік жәрмеңкеге өңіріміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері әкелген өнім түрлері мен ауқымы мол. Одан Солтүстік Қазақстан облысының аграрлық әлеуетінің деңгейін қаншалықты екендігін айқын аңғаруға болады. 

 Астана төрінде өтіп жатқан дәстүрлі ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі қай өңір болмасын өз өнімдерін елорда нарығына шығарып, жаңа тұтынушылармен байланыс орнатуға мүмкіндік берері сөзссіз. Ал жәрмеңке барысында әр өңірдің көркемөнірпаздар ұжымдары сауда жасаушыларға ән мен жырдан шашу шашып, жұртшылыққа өз өнерлерін паш етті. 

Бөлісу