«Таза Қазақстан»: болашаққа қамқорлықпен
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың міндеті. Қазақстан Республикасының Конституциясы табиғат пен табиғи байлықтарға ұқыпты қарау қажеттігін бекітіп, бүгінгі іс-әрекеттің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен байланысын айқындайды. Іс жүзінде мұндай қағидаттар қоғамдық бастамалардан да көрініс табуда.
Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жыл басынан бері мұнда 400-ден астам экологиялық іс-шара өткізіліп, оған мыңдаған солтүстікқазақстандық қатысты. Волонтерлер сенбіліктер мен тазалық акцияларына қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған өз бастамаларын да жүзеге асыруда.
СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ