Петропавлда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Облыс орталығында өтен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі халыққа азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсынды. «Өндірушіден тікелей тұтынушыға» қағидасы арқылы жүзеге асатын делдалдарсыз сауда тауар құнын едәуір арзандатуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеде сатылатын негізгі ет түрлерінің бағасы қала дүкендері мен сауда орындарындағы құнынан айтарлықтай төмен. Яғни, орта есеппен 40 пайызға арзан.
СНХ: БИБІГҮЛ МУСИНА, САТУШЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Облыс орталығында өткен ауқымды жәрмеңкеге өңіріміздің алты ауданы қатысты. Қаланың үш түрлі сауда алаңында тұрғындардың назарына тікелей өндірушілерден жеткізілген 5 тоннадан астам сапалы әрі таңдаулы ет пен сүт өнімдері ұсынылды.
СНХ: СОФИЯ РУХВАТУЛИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Жалпы, жыл басынан бері өңірімізде осындай 102 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Осы уақыт аралығында тұрғындарға тікелей өндірушілерден 175 мың тоннадан астам әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімі қолжетімді бағамен сатылған.