Тайынша аудандық ауруханасында күрделі кардиологиялық оталар жасалады
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық ауруханасында күрделі кардиологиялық операциялар жасалады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында емдеу мекемесін күрделі жөндеуге және медициналық қондырғылар сатып алуға қайтарылған активтер есебінен 1 млрд 250 млн теңге бөлінген болатын.
Ғимараттың бірінші қабаты мен қабылдау бөлімі толықтай жаңаланады. МРТ, КТ, ангиографиялық аппарат сатып алынды. Замануи клиникалық-диагностикалық зертхана ашылады. Бұл ауыл тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін аудандық ауруханада ми, өкпе қан тамырларының, қолқа ангиографиясы, коронография сынды тағы басқа оталар жасалады. 2000-шы жалдары мұндай операциялар тек Астана қаласында жасалатын. Аудандық ауруханаға 36 мыңнан астам адам тіркелген.
СНХ: ОДИЛЖАН АРЗИМАТОВ, ЕМХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елімізде 655 алғашқы медициналық-санитариялық нысан салынды. Нәтижесінде 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны медициналық көмекті тұрғылықты жерінде ала алады. Келесі мақсат – аудандық ауруханаларды жаңғырту. Бұл жоба 32 емдеу мекемесін қамтиды. Оның ішінде 12 нысан пайдалануға берілді. Оларға компьютерлік томографтар, ангиографиялық кешендер секілді жоғары технологиялық медициналық құралдар орнатылып, білікті мамандар тартылуда.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ҒАБДУЛЛИНА, ЕМ АЛУШЫ
Жоба толық жүзеге асқанда елімізде 4 миллионнан астам ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекті аудан орталығында алу мүмкіндігіне ие болады. Жүрек-қан тамырлдары ауруларынан болатын өлім-жітімді 20 пайызға төмендету көзделген.