Баланың дамуына бағытталған жүйелі көмек
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға дер кезінде көрсетілген көмек — олардың әлеуетін ашып, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді. Өңірдегі түзету-дамыту орталықтарында бүгінде балаларға түрлі бағытта тегін көмек көрсетілуде.
Орталыққа дамуында тежелуі, аутистік спектр бұзылыстары, интеллектуалдық ерекшеліктері, мінез-құлық және әлеуметтік өзара әрекеттесуінде қиындықтары бар балалар келеді. Қазіргі таңда 2024 жылдан бері орталық мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істеп, бүгінде 400-ден астам балаға коррекциялық қолдау көрсеткен.
СНХР: АЙГҮЛ ӘЛІБЕКОВА, ДЕФЕКТОЛОГ
Орталықта бір күннің өзінде 30-дан астам баланы қабылдауға мүмкіндік бар. Мамандар әр баланың жеке ерекшелігіне қарай жұмыс жүргізеді. Ал алғашқы нәтижелердің өзі үш айлық түзету цикл барысында байқалады.
СНХР: АЙГҮЛ ӘЛІБЕКОВА, ДЕФЕКТОЛОГ
Түзету-дамыту жұмысының маңызды бағыттарының бірі — баланың зейінін, есте сақтау қабілетін және қимыл үйлесімділігін дамыту. Бұл бағытта нейрожаттығулар да қолданылады.
СНХР: ЗАРИНА АЛИШЕВА, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
Ал тілдік қарым-қатынасты қалыптастыруда ең қарапайым әрекеттердің өзі маңызды. Мамандар баланы алдымен өз қажеттілігін білдіруге, еліктеуге және қоршаған ортамен байланыс орнатуға үйретеді. Соның бірі — нұсқау, яғни сұқ саусақпен көрсету қимылы.
СНХР: ДАРЬЯ ЛЮБОВИЦКАЯ, ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ
Мамандардың айтуынша, инклюзивті білім берудегі басты ұғымдардың бірі - баланы қабылдау және ортаға қосу. Сондықтан орталықта ерте жастан бастап мектепке дейінгі кезеңге коррекциялық қолдаудың сабақтастығын қалыптастыруға басымдық беріледі.