СҚО полицейлері есірткі таратты деген күдіктіні ұстады
Астананың 27 жастағы тұрғыны Петропавл аумағында синтетикалық есірткі тарату үшін арнайы келген.
Таксимен жеткен ер адамды өңір полицейлері жолда қолға түсірді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің рюкзагынан таратуға дайындалған үш орама алынып, тәркіленді. Тағы бір орама астаналық тұрғынның қалтасынан табылды. Оның айтуынша, интернет-дүкенде жұмыс істей бастағанына шамамен екі апта болған және бұл оның Петропавлға есірткімен келген екінші сапары. Қазір осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 462 есірткі затын тәркіледі. Оның ішінде 8 келісі синтетикалық есірткі. Бұған дейін Астанадан Петропавлға таратуға 120 түйіншек есірткі әкелген күдікті ұсталған болатын.
Снх: НҰРИСЛАМ ІЛИЯСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ