Құрғақ саумал өндірісі
Теріскейдің өзен-көлге толы сайын даласымен орманды алқаптары ежелден төрт түлік өсіруге қолайлы. Ал олардың ішінде қазақ халқының жанына ең жақыны ол жылқы малы. Қазақ үшін жылқы - төрт түліктің бірі ғана емес, ұлттық болмыстың бір бөлшегі. Ал оның сүті - табиғи қасиетімен бағаланатын құнды өнім. Бүгінде әлем бойынша қазақ халқының бие сауу дәстүрін заманауи технологиямен ұштастырып, саумалды өнеркәсіптік жолмен өңдеуге ден қойған кәсіпорындар саны артып келеді. Солардың бірі – Айыртау ауданындағы «Север Агро ЛТД» серіктестігі.
Бүгінде фермада 200 бас бие бар. Қазіргі күні олардың жартысына жуығы құлындап осы жерде күніне төрт мезгіл сауылуда. Сауын аппараты іске қосылғаннан кейін сүт арнайы жабық жүйе арқылы жинақталады. Басты міндет – өзінің құрамына байланысты ерекше табиғи өнімді сыртқы орта әсерінен барынша қорғау. Сондықтан оны алу, сақтау және әрі қарай өңдеу кезеңдерінің барлығында тазалық пен температуралық режим маңызды. Осылайша сұйық саумал бірнеше дайындық кезеңнен өтіп ең негізгі технологиялық процестердің біріне бет алады. Ол сублимациялық жұмыс. Яғни бие сүті мына залдағы төрт қондырғыда қажетті бір температурада кептіріледі. Бұл жерде сүт сүйық күйінен құрғақ ұнтақ күйге айналады. Оған шамамен екі тәулік уақыт кетеді. Ол жұмыстар да ғылыми тұрғыда дәлелденген жолдар арқылы жүргізіледі. Мақсат биеден жаңа сауылып алынған саумал құрамындағы барлық дәрумендерді құрғақ ұнтақ құрамында 100 пайыз қалдыру.
СНХ: Ермек Талтыкеев – ферма басқарушы
Биеден жаңа сауылып алынған саумалдың бай дәрумендері сұйық күйіндегі сүт құрамында шашамен 3 сағат сақталатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ал құрға ұнтаққа айналғандағы ол дәрумендердің өміршендігі ұзағырақ болады екен.
СНХ: Ермек Талтыкеев – ферма басқарушы
Сублимация сөзі ауыз екі тілде құрғату деген ұғымды білдіреді. Алайда өндіріске жіберілген шикізат пен дайын өнімді салыстыратын болсақ оның үлесі бірге -бір келмейді. Себебі сублимация барысында сүт құрамындағы барлық сұйықтық кеуіп кетеді.
Фермадағы технологиялық тәртіптің сақталуына жауап беретін мамандардың бірі – өндіріс технологы. Оның жұмысы сауын залынан басталып, дайын өнім шыққанға дейін жалғасады.
СНХ: Олжас Мекен - ферманың бас технологы
Технолог өндірістің бірнеше кезеңін қатар бақылап отырады.Бір жерде жабдықтың жұмысын тексерсе, екінші жерде шикізаттың көрсеткіштерін бақылайды. Өйткені дайын өнімнің сапасы өндірістің соңында емес, алғашқы кезеңнен бастап қалыптасады.
СНХ: Олжас Мекен - ферманың бас технологы
Бірнеше технологиялық операциядан кейінгі саумал, сублимациялау арқылы енді мүлде басқа күйдегі өнімге айналғандығына куә болдық. Бұл өндірістің басты нәтижесі. Ал оның соңғы циклы мына секілді қаптамаларға салумен аяқталады.
Бұл дәстүрлі өнім мен заманауи технологияның тоғысқан жері. Дайын өнемдер қазір бізден бөлек Астана, Алматы мен Қостанай қалаларындағы сауда офистерінде сатылуда. Алдағы уақытта ондай кеңселер еліміздің барлық қалаларында ашылмақ. Сондай-ақ дайын өнімді Қытайға экспортқа шығару жоспарлары да бар.