Негізгі Жаңалықтар Бала қауіпсіздігі: терезеге қауіпсіздік құлыптары орнатылып жатыр 

Бала қауіпсіздігі: терезеге қауіпсіздік құлыптары орнатылып жатыр 

Петропавлда балалардың терезеден абайсызда құлап кетуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жауапты мамандар әлеуметтік қолдауды аса қажет ететін көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың үйлерін аралап, терезелерге арнайы қауіпсіздік құлыптарын орнатты. 

Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кету қаупі артады. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында осындай 11 жағдай тіркелген. Барлық бала жарақат алған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі жарым еседен көп. Былтыр төрт жағдай тіркелген болатын. Мамандар масаға қарсы тор баланың салмағын көтере алмайтынын және қауіпсіздік құралы бола алмайтынын ескертеді.

СНХ: СНХ: ӘСЕТ ШАЙКИН – СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қауіпсіздік құлыптары пластик терезелерге орнатылады. Ол терезенің толық ашылуына жол бермей, баланың абайсызда терезеден құлап кетуінің алдын алады.

Қауіпсіздік құлыптарын өзіңіз де орнатуға болады. Ол үшін мамандардың көмегі қажет емес. Құрылғы терезе жақтауына бірнеше бұрандамен бекітіледі. Дегенмен құтқарушылар қауіпсіздік құрылғысы орнатылғанның өзінде баланы терезе маңында қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Алдын алу жұмыстарын құтқарушылар, полиция қызметкерлері және әлеуметтік сала мамандары бірлесіп жүргізіп жатыр. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар