Мектептерде жаңа оқу жылына дайындық қарқын алды. Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында ұзақ жылдардан кейін күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл – аудандағы жалғыз қазақ мектеп-гимназиясы. Мұнда 300-ге жуық оқушы білім алып, 42 педагог еңбек етеді. Атқарылып жатқан жұмыстармен түсірілім тобы танысып қайтты.

 Мектеп ғимаратында соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілген. Араға он жылға жуық уақыт салып қолға алынған жаңғырту жұмыстары биыл 11 маусымда, оқу жылы мен емтихандар аяқталғаннан кейін басталған. Оған 27 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстардың 80 пайызы аяқталған.

СНХР: МЕДЕТ САЙТКЕН, КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

 Бұл мектеп тек білім берумен емес, спорттағы жетістіктерімен де белгілі. Осы білім ордасынан Мейрам Бекежан мен Ислам Мұсайбеков сынды гір спортынан ел чемпиондары түлеп ұшқан. Сондықтан жөндеу кезінде спорт залына ерекше басымдық берілді. Өйткені бұл – спортпен айналысатын әрі салтанатты жиындар өтетін әмбебап орын.

 Айта кетейік, күрделі жөндеуді 10 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Осылайша, оқушылар жаңа оқу жылын жаңартылған мектеп қабырғасында қарсы алмақ.